21 сентября 2018
1771

Робототехника үйірмесі

Бүгінгі технологиялар дамыған заманында, адамның сауаттылық туралы түсінігі күн сайын өзгеріп турады десек те болады. Осыдан 10 жыл бурын адамның сауаттылығы оқу мен жазу көрсеткіштеры арқылы бағалайтын болса, казір компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі маңызды болып саналады, ал ертеңгі күні әр сауатты адам робот пен жұмыс жасай білу қажет.
Казіргі таңда - автоматтық құрылғыларды, немесе адам баласының алдын - ала қондырылған бағдарламаларына бұйрық арқылы орындауын робот деп атайды.
Бүгінгі күні робот өмірімізге нық қадам басып кіріп келеді, өйткені қазір барлық салаларда роботтың көмегіне сүйеніп түрлі-түрлі жұмыстар атқарылады.
Осыған орай ЛЕГО компаниясы 1998 жылы роботты программалауда өзінің алғаш электрондық бөлшектерінің жиынтықтарын ойлап шығарды.Ал 2006 жылы Майнстромс НХТ 2,0 және 2013 жылы ЕВ -3 модельдеры шығарылды.
Әлем бойынша жыл сайын аталған лего модельдеры бойынша көптеген халықаралық жарыстар мен олимпиадалар ұйымдастырылады.