ДІН

Қазақстан Республикасы Мәдениет Және Спорт Министрлігі Дін Істері Комитетінің 
«Дін Мәселелері Жөніндегі Ғылыми-Зерттеу Және 
Талдау Орталығы» Рмм

Мектеп Формасындағы Діни Атрибутикаға Қатысты Сұрақ-Жауаптар

Вопросы И Ответы Относительно Религиозной Атрибутики В Школьной Форме

Астана – 2016

Жүктеу (Скачать) Dn-Mseleler.Zip

Ақпарат

Мамандықтар

Есеп және аудит – 0518000



Есеп және аудит – заңды тұлғалардың қорларымен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттаумен түгелдеу есепшоттар мен екі жақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару байланыспен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.
Қазақстанда бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне сәйкес. Бухгалтерлік стандарт – есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықаралық стандартқа сай, бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады.
Аудит
Аудит ( лат. audit) – кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктер мен акционерлік қоғамдардың, қаржылық-шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау.
Экономикалық субъектілердің бухгалтерлік (қаржылық) есебін төлеу-есептесу құжаттамаларын, салық деклорациялары мен басқа да қаржылық міндеттемелерін, сонымен қатар қаржылық есепті жасау бойынша, бухгалтерлік есепті жүргізу және есепке қою бойынша ұсыныстарды жасайтын, активтер мен пассивтерге бағалау жасап, сондай-ақ қаржылық, салықтық, банкілік және басқада шаруашылық заңнамалар негізінде тәуелсіз түрде ведомстводан тыс шарттық негізінде жүзеге асыру бойынша жұмыс істейтін аудиториялардың (аудиторлық ұйымдардың) кәсіпкерлік қызмет түрі. Бұдан басқа, аудитор кәсіпорынға олардың салық органдары мен төрелік соттарда мүдделерін қорғау бойынша көмек көрсетуі мүмкін.
Аудитор – аудиториялық ұйымның қызметкері. Біліктілік комиссиясы аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға. Аудитор бір аудиториялық ұйымға ғана қатысушы бола алады. 
Аудиториялық ұйым 
Шарттық негізде кәсіпорындармен жылдық бухгалтерлік есепті қуаттау мен тексеруді жүзеге асыратын тәуелсіз бақылаушы-ревизиялық ұйым. Тексеру барысында аудиторлық фирма: бухгалтерлік есептің жағдайын және оның ұсынылатын талаптарға сәйкес болуын, қаржылық-шаруашылық мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаларды құрылтайшылық және басқа құжаттардың ережелерін, бухгалтерлік есеп мәліметтерінің нақты жағдайға сәйкес келуін сақтауға бақылау жасап, төлеу-есептесу құжаттамалары салық деклорациялары мен басқа да қаржылық міндеттемелерді текскруді жүзеге асырады.


Маркетинг – 0513000



Маркетинг (ағылшын. Marketing – нарық, өткізу, сауда) – бұл кәсіпорындарының (фирманың, бірлестіктің т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен нарықта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады.
Маркетинг – сұранымды жан-жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін технологияларды және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
Маркетинг – тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алу мен айырбас, тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру арқылы нарықтық (адамдардың, фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру.
Маркетинг делдалдары
Компанияның өз тауарларын тұтынушыларға жеткізуіне, өткізуіне және олардың арасына таратуына көмектесетін фирмалар. Оларға сауда делдалдары, маркетингілік қызметтер көрсететін агенттіктер мен несие-қаржы мекемелері жатады.
Кәсіпорынның (фирманың, кәсіпкердің, т.б.) сұранымды, бағаны, жарнаманы пайдалануға, өндірісті ынталандыруға, сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне белсенді ықпал жасайтын қызмет көрсетудің техникалық түрлерімен басқа да түрлерін қолдануды жан-жақты зерделеу мен болжауға байланысты қызметі. Кәсіпорын өнімнің (тауардың, бұйымның) нақты түріне және оны тұтынушыларға, баса назараударады. Мысалы, тұтыну тауарлары үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін жарнаманың маңызы зор, ал өндірістік мақсаттағы өнім үшін жөндеу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға, қосалқы бөлшектермен жабдықтауға баса мән беріледі.


Менеджмент – 0515000



Менеджмент (ағылшынша manage – басқару, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. «Менеджмент» ұйымының мәні мен мазмұны «басқару» түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау, шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары, нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.
Нарықтық экономика менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең оңтайлысын жүзеге асыру көзделеді.
Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы байланыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің, өкіліне – менеджерлерге көшеді. Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметтерін ұйымдастыратын жалдамалы жұмысшылар аталады.
Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара әсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.
Мотивациялау
Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық қана емес, психологиялық аспект орын алады.
Бақылау
Бақылауға Жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметтеріне түзету енгізу жатады.
Менеджмент құрылымы 
Менеджмент құрылымы үш бөлімнен тұрады:
- өндірістік менеджмент;
- қаржы менеджменті;
- нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе маркетинг.



Аударма ісі - 0512000



Шет тілдермен қызығатын және адамдармен жұмыс істегісі келетін, жас жігіттер мен қыздар үшін мамандық;
Шет тілдерін меңгерген, басқа мамандардан гөрі артықшылдықты қамтамасыз ететін мамандық.
Біздің колледж оқытуда қазіргі заман компьютерлік технологияларды және білім берудің инновациялық әдістерін қолданады. 
Оқыту мерзімі: Негізгі орта білім негізінде. – 2 жыл 10 ай. 
«Аударма ісі» мамандығы бойынша түлектер кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
- жұмыс орнын ұйымдастыру;
- шетел тілімен байланысты түрлі құжаттармен жұмысты ұйымдластыру барысында басшылық талаптарын орындау;
- шетелдіктермен синхрондық-вербалдық коммуникацияны іске асыру;
- сөзбе-сөз, ерікті, аналитикалық, суреттемелі, барабарлық және синхромды аудару;
- аударма қызметінің технологиясында қарастырылған жұмыстың барлық түрлерін орындау.

Түлектің біліктілігі 0512013 «Аудармашы».Түлектің кәсіби қызметінің объектілері:
- мәдениет мекемесі; түрлі ақпараттық-аналитикалық қызмет; баспалар, ауысу бойынша бюро, кәсіпорын, өндірістік, ауылшаруашылық, медициналық, әскери агенстволар, шетелдік компаниялардың елшіліктері мен үкіметтері;
- шетелдік келушілерге қызмет көрсету, түрлі құжаттарды даярлау, оргтехника жұмысы;

Құжаттарды қабылдау

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы «31» мамырдағы 
№ 599 қаулысымен 
бекітілген


«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 
3. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының базасында жүргізіледі. 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мыналарға түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап: 
күндізгі оқу нысанына – 20 тамыздан кешіктірмей;
кешкі және сырттай оқу нысанына – 20 қыркүйектен кешіктірмей; 
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды. 
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады. 
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 
9. Көрсетілетін қызметті алушының өзі немесе заңды өкілі өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 
1) қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) флюросуреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
5) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі.
Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;
2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым жазбаша түрде: 
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіле отырып Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, басшыға жіберіледі. 
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. 
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.


4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 8-800-080-7777, 1414.

_________________________ 


«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша



Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың 
алынғаны туралы қолхат



Оқу орны __________________________________________ 
(оқу орнының атауы)
___________________________________________________________
(елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)

Құжаттардың қабылданғаны туралы № _________ қолхат

_____________________________ мынадай құжаттар алынды:
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса)
1. Өтініш
2. Басқа _______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________


Қабылдады Т.А.Ә. (бар болса) _________ (қолы)


20__ ж. " __ " _____________ 


_________________________


Файлды жүктеу Priem-dokumentov-TIPO-kaz.zip [20,01 Kb] (cкачиваний: 55)

Талапкерге

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша заман талабына сай орта кәсіптік білім береді.
-Колледжде 1 курста ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгеріп шығуға мүмкіндік қарастырылған.
-Оқу процесі екі тілде: қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
-Колледжде жатақхана, асхана, спорт зал, мәжіліс залы, ашық спорт алаңы, тренажер залдары бар.
-Жаратылыстану пәндері (математика, физика, химия, биология, информатика) және арнайы пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
-Колледж түлектеріне дипломмен бірге біліктілікті растайтын сертификат, ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгергендігі жайлы халықаралық стандартта сертификат беріледі. 
-Колледж IELTS және TOEFL халықаралық ағылшын тілі емтиханына дайындық үшін бар мүмкіндік жасалған.
-Білімгерлер мемлекет есебінен білім алады.
-Білім алушылардың ТКТ-ға дайындық жұмыстары жүргізіледі.
-Өндірістік практиканы шет мемлекеттерде өтуге білім алушылардың мүмкіндігі бар

Төмендегі мамандықтар бойынша білімгерлерді қабылдаймыз
05515013 Менеджмент 2 жыл 10 ай
0518033 Есеп және аудит 2 жыл 10 ай
0513053 Маркетинг 2 жыл 10 ай

Жас талапкер!
-Болашаққа бастау болар жол бүгіннен басталады!
-Қазіргі заманда неғұрлым сапалы білім мен саналы тәрбие алсаң, соғұрлым болашағың жарқын болады.
-Колледжде 9-сыныпты бітірген қабілетті, білім деңгейі жоғары, алғыр оқушылар қабылданады.
Тестілеу пәндері
Математика 25 сұрақ
Қазақ тілі (қазақ мектебі) 25 сұрақ

Талапкерлер мынадай құжаттар тапсырады:
-Өтініш
-9-сыныпты бітіру туралы куәлік (түпнұсқа)
-медициналық анықтама №086
-3х4, 4 дана фотосүрет