02 Қазан 2023
341

ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНСАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ 

Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасына бас дәрігері қызметіне Төлеген Бауыржан Төлегенұлы тағайындалды. 
Бауыржан Төлегенұлының еңбек жолы  2008 жылы №6 Қызылорда қалалық емханасының жалпы практика дәрігері қызметінен бастап, 2009 жылы Қызылорда қалалық ауруханасының травматология бекетінің дәрігері, 2012 жылдан аталған аурухананың травматологиялық бекетінің меңгерушісі қызметін атқарған.
Білікті травматолог-нейрохирург дәрігер.
Бауыржан Төлегенұлы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Интернатурада сол білім ошағында өткен. 
2015 жылдан бастап Қалалық аурухананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған, 2016 жылдан бастап ШЖҚ КМК «Көп бейінді қалалық ауруханасының» бас дәрігері қызметін атқарды. 
Медицина жолын дамытуға зор үлес қосқан білікті дәрігер.
Бауыржан Төлегенұлы жаңа қызметіңізге абырой, сәттілік, табыс тілейміз!