24 Тамыз 2022
226

"Мектепке жол" республикалық акциясы.

"Мектепке жол" республикалық акциясы.

ОМЖЖ стансасы бас дәрігері А.Д.Құрманғалидың басшылығымен,кәсіподақ ұйымы өткізіп отырған жыл сайын өтетін республикалық "Мектепке жол" аясында іс-шара өткізілді.
2022-2023 оқу жылының басталуынада санаулы күндер қалды.
Осы күндерді асыға күткен ,мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған ,мекеме қызметкерлерінің балаларына мектепке қажетті құрал жабдықтар салынған сөмкелер табысталды.
Бас дәрігер А.Д.Құрманғали мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған балаларға,ақ жол,сәттілік тіледі..
"Қазақстанның болашағы-сіздер. Білім аясында сусындап,ақылды,білімді,тәрбиелі,елін сүйер патриот болуларыңызға тілектеспін! "