27 Тамыз 2020
432

Дөңгелек үстел

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында  өткізілген дөңгелек үстел  барысында Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің № 2 сәйкестік аудиті бөлімінің бас маман – мемлекеттік аудиторы Есенбаев Мұрат Жұмағұлұлы карантиндік шараларға қатысатын медицина қызметкерлерін ынталандыру және медициналық ұйымдарға коронавирустық инфекциясы бар адамдарға және күдікті ауруханаға жатқызылған адамдарға, сондай-ақ СOVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясы бар адамдармен байланыста деген күдікпен оқшаулау мақсатында медициналық қызметтерге бөлінген қаржының жұмсалуына қатысты қысқаша түсіндірме берді.

Осымен қоса, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы» тақырыбында баяндама оқып, бірнеше сұрақтарға жауап берді.