06 Тамыз 2020
529

Премьер-министрдің орынбасары Е.Тоғжанов жедел-жәрдем жұмысымен танысты

 

Премьер-министрдің орынбасары Е.Тоғжанов жедел-жәрдем жұмысымен танысты.

Сыр еліне сапары аясында ҚР Премьер –министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов  Қызылорда  облыстық жедел-жәрдем станциясының жұмысымен танысты. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен Облыстық  Денсаулық  басқармасының басшысы Сабит Пазылов аймақтағы жедел-жәрдем жұмысын мобильді қызметін іске асырудың нәтижесінде шақыртулардың төмендегенін жеткізді.

Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал күрделі кезде жедел-жәрдем шақыртулары тәулігіне 2500-ден асып,жүктеме 2 есеге артса,қазіргі таңда шақыртулардың саны азайған.

2020 жылдың маусым айының шақырыстың шарықтау шегімен салыстырғанда 52,7 пайызы азаюы анықталады.Ал соңғы 3 аптада  орындалған жалпы шақырыс саны 39 пайызға төмендеді.

Вице-премьер жедел-жәрдем стансасының оперативті іс-қимыл жұмысын және шақыртуларды қабылдайтын диспетчерлік бөлімдегі Call  орталықтың жұмыс процесін бақылады.Әрбір түскен қонырауларға жауапты әр диспетчер күніне 150 қонырау қабылдап келген.Бүгінде шұғыл қоңыраулар саны азайған.

Шақырыс көп кезде 1-3 санаттылық бойынша бір жедел-жәрдем тобына 30-35 шақырыс болса,қазір тәулігіне  16-18 шақырыс,4 санатты жедел-жәрдем тобына  20-22 шақырыстан орындалуда.