Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басшысы Б.Ж .Оспанов Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасынында болып,
жедел жәрдем қызметімен танысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі №450 бұйрығы бойынша оперативті бөлім қызметкерлерімен шақырысты қабылдау,өңдеу (4санаттылыққа бөлу),шақырысқа жету барысымен танысты. Сонымен қатар Көпбейінді Қызылорда облыстық және қалалық ауруханалардың қабылдау бөлімдерін аралады.Қабылдау бөлімінде науқастарды жедел түрде тексеріп,қажетті бөлімдерге жатқызу негізін бақылады (триаж). №3,№6 қалалық емханаларды аралап,емханалар ішінен ашылған 4-санаттылық шақырыстарды орындауға арналған ,жедел жәрдем топтарымен кездесті.Облыстық Денсаулық сақтау басқармасында медициналық ұйым басшыларымен кездесіп,облыстағы жедел медициналық көмекті ұйымдастыру жұмыстарын оң бағалап,жұмысты одан ары жақсарту мақсатында кеңестер берді.
http://ossmp-kzo.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/125-450-b-jry-y-bojynsha-operativti-b-lim-yzmetkerlerimen-sha-yrysty-abyldau-deu-4sanattyly-a-b-lu-sha-yrys-a-zhetu-barysymen-tanysty#sigFreeIdd41904b755