Жарысқа дәрігерлік бригада құрамында дәрігер-Алтынбекова Береке Жаңабайқызы, фельдшер-Шәкір Дархан және Ерлан Медетов қатысты.
Жедел медициналық көмек бригадаларының жарысына қатысу шарттары
Жедел медициналық көмек бригадаларының (бұдан әрі - ЖМК) жарыстары кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ЖМК маманының имиджін арттыруға ықпал етуі тиіс.
Жарыс симуляциялық технологияларды қолдану арқылы өткізіледі.
Уақыты мен орны
2019 жылғы 22-23 шілде, Нұр – сұлтан қаласы, Нұр – сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық жедел жәрдем станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, "Балқарағай"демалыс базасы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап:
- командалар 3 адамнан (дәрігерлік) тұруы тиіс, команда құрамына ЖМК бригадасының дәрігері және 2(екі) фельдшер кіруі мүмкін.
Тапсырмалар
Жарыс келесі станциялар бойынша өтеді:
- Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы бар жіті коронарлық синдром;
- Ересек адамның политравмасы;
- Анафилактикалық шок;
- Жаңа туған нәрестені Реанимациялау, босанғаннан кейінгі қан кету;
- Келісім бойынша (суға бату, балада бронхоспазм, биатлон).